Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 24 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжауынша 24 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігіне Атлант мұхитынан келетін антициклон әсер етеді, жауын-шашын тоқтайды. Тек еліміздің солтүстік және шығысында әлі де жауын-шашын сақталған фронталды аймақта жатыр. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді.Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Алматы облыстарының кей жерінде тұман түсуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі, Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Маңғыстау облысының кей жерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы