Сейсенбіде екі қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 шілде, сейсенбі күні республиканың екі қаласында ауа сапасы нашарлауы ықтимал деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сейсенбі күні ауа сапасы екі қалада – Балқаш пен Теміртауда нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы