Сейсенбі, 23 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Қазақстанның солтүстік және оңтүстік облыстарына атмосфералық ауа ағындарының әсері әлі де сақталады, кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Басқа өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, шығыста тұман түседі.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.
Күндіз Жамбыл Алматы, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус белгісі жоқ тағы 816 адам тіркелді
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы