19 Қыркүйек 2026, 01:29 Фото: Fabian Bimmer / Reuters

Сеутада полиция мен мигранттар арасында қақтығыс болды

Сеута жағажайларында 3 мыңға жуық мигрант бар, ал эксклавтағы олардың жалпы саны 10 мыңға дейін жетеді.

18 қыркүйекте Испанияның Сеута эксклавында полиция мен мигранттар арасында қақтығыс болды.

RTVE мәліметінше, қауіпсіздік қызметкерлері жағажайларда жүрген 1,7 мыңға жуық мигрантты екі жаңа лагерьге көшіру операциясын өткізген.

Бес сағатқа созылған операция кезінде мигранттар орналастыру орталықтарына жаппай ұмтылып, адамдар арасында жанжал туындады. Барлығына орын жетпеген соң полиция адам ағынын бақылау үшін таяқ қолданған.

Сеута билігі көшіру операциясы жоспарға сай өткенін мәлімдеді.

RTVE дерегінше, Сеута жағажайларында 3 мыңға жуық мигрант бар, ал эксклавтағы олардың жалпы саны 10 мыңға дейін жетеді. AFP мигранттар санын шамамен 13 мың деп бағалайды. Лагерьлерде 6 мыңға жуық орын бар.