Сеулден Алматыға ұшып келген 100 адам карантинге жатқызылды

Алматы, BAQ.KZ. Оңтүстік Кореядан Алматыға келген азаматтар карантинге жабылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі  хабарлады.

Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 4 наурыздағы Қаулысына сәйкес коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша 1 санаттағы елдерден (ҚХР, Оңтүстік Корея, Иран) оралған адамдар Қазақстанға келген күннен бастап жергілікті атқарушы органдар белгілеген нысанда 14 күн карантинде болады.
Осы Қаулыға сәйкес 05.03.2020 жылы сағат 15.50-де Сеул-Алматы рейсімен 197 адам келді. Оның ішінде, 97 жолаушы транзитпен келген (Қырғызстан-23, Өзбекстан-37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1). Қырғызстан өз азаматтары үшін автобус жіберді. Полиция қызметкерлерінің көмегімен 21 қырғызстандық мінген втобус Қырғыз Республикасына жолға шықты. Жалпы 100 адам медициналық мекемеге жеткізіліп, орналастырылды, оның ішінде 4 бала бар. Карантинде отырған адамдарға толық медициналық бақылау жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, карантин кезінде (14 күн): карантин орнынан кетуге рұқсат етілмейтіні акйтылады. Карантин тәртібін бұзылғандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік мақсатында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдауда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы