Сеулде Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Оңтүстік Корея астанасында «Visit Aktobe 2023» Road Show аясында Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше,  Road Show-ды Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Елшілігінің қолдауымен Ақтөбе облысының әкімдігі ұйымдастырды.

Іс-шараға жетекші туроператорлардың, авиакомпаниялардың, туризм саласындағы сарапшылардың, сондай-ақ екі елдің БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында қонақтарға Ақтөбе облысының танымал туристік бағыттары таныстырылды, сондай-ақ ақтөбелік дизайнерлердің, қолөнершілер мен зергерлердің үздік жұмыстары көрсетілді. Қонақтардың назарын дәстүрлі қазақ тәттілері мен тағамдары бар стендтер тартты.

Іс-шараны ашқан Елші Нұрғали Арыстанов Оңтүстік Корея туристерінің оң өсу қарқынын, сондай-ақ авиарейстер санын ұлғайту және екі ел арасында жаңа авиамаршруттар ашу жөніндегі жұмыс туралы айтып берді.

Кореяның Дүниежүзілік туристік көрмесінің (KOTFA) Президенті Шин Чунг Мок Оңтүстік Кореяда Қазақстанға деген қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті. Ол қазақстандық туроператорлармен ынтымақтастыққа үміттенетінін жеткізді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «В2В» форматында бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы