Сеулде Қазақстан азаматы автобус жүргізушісін пышақтады
Insight.co.kr басылымының дерегіне сүйенсек, оқиға Кенбу қаласындағы автомагистральде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
50 жастағы әйел 10 тамызда Сеулдегі Сеочо полиция учаскесіне шабуыл жасады деген күдікпен жеткізілген.
Полиция мәліметінше, қазақстандық әйел туристік автобустың терезе тазалағышын сындырмақ болған. Автобус Ханнам көпірі арқылы Кенбуден Сеочоге жол тартқан.
Әйелді тоқтату үшін жүргізуші автобустан шыққанда пышақпен шабуыл жасап қашып кеткен. 11 минуттан соң әйел ұсталыпты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жетісу облысында жол апатынан екі адам көз жұмды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы