Сеулде полиция наразылық білдірушілерді ұстады

Полиция Сеулде сот ғимаратына басып кірген 45 наразылық білдірушіні ұстады. Олар президент Юн Сок Ёльдің қамауға алу мерзімін ұзарту туралы шешімге қарсы шыққан, - деп хабарлайды BAQ.KZ Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін сот қоршауынан өтуге тырысқан 40 адам ұсталған болатын. Осылайша, жалпы саны 86 адам қамауға алынды. Оқиғаны тергеу және қатысушыларға қатысты шаралар қабылдау үшін арнайы тергеу тобы құрылды.

"Құқық қорғау органдары заң бұзғандарға қатысты "қатаң" әрекет ететіндерін мәлімдеді", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, қызметінен шеттетілген президентке қамауға алу ордері берілгеннен кейін, оның ашулы жақтастары сот ғимаратының терезелерін сындырып, ішке кірген болатын. Олардың кейбірі ғимаратты қоршаған полиция қызметкерлеріне пластикалық орындықтар, қоқыс және басқа да заттар лақтырған. БАҚ мәліметінше, полиция президент жақтастарының митингілері өткен аудандарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүздеген қызметкерді жұмылдырған.

Сот тыңдаулары өткен ғимарат маңына шамамен 44 мың адам жиналды. Олар президенттің атын атап, Оңтүстік Корея мен АҚШ туларын желбіретті. Кейбір наразылық білдірушілер жыласа, басқалары полициямен қақтығысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: en.yna.co.kr.
Өзгелердің жаңалығы