Сеулде Орталық Азия мен Корея зерттеу орталықтарының форумы өтті

ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Әсел Назарбетованың қатысуымен Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының зерттеу орталықтарының дөңгелек үстелі өтті, , деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында қатысушылар «Орталық Азия – Корея Республикасы» (ОАКР) ынтымақтастық форумы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Іс-шарада Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов сөз сөйлеп, Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында зерттеу орталықтары желісі бойынша өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша тараптар қатысушы елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының шешіміне сәйкес Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының зерттеу орталықтарының тұрақты форумын бастау туралы уағдаласты. Форум шеңберінде иалдау институттары осы форматта ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар беретін болады. Дөңгелек үстелдің қорытынды құжаты ретінде талдау орталықтарының негізгі уағдаластықтары атап өтілген бірлескен мәлімдеме қабылданды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы