СЭС: Тышқан шыққан тоқашты сатқандарға тексеріс жүргізе алмай отырмыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өнімді, яғни тәтті тоқашты жеткізуші болып табылған кәсіпкерлік субъектісін анықтады. Кәсіпкерлік субъектісі тексеріс жүргізуге мораторий жарияланған шағын кәсіпкер болып табылады. Соған байланысты жоғары тұрған органдарға жеткізушіге қатысты жоспардан тыс тексеріс жүргізуді келісу бойынша рәсімдер жүргізіліп жатыр, - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Кенжегүл Тергембай есімді қолданушы елордалық оңалту мекемесінде орын алған жайт туралы ақпарат таратқан болатын. Нақтырақ айтқанда, астанадағы Республикалық балаларды оңалту орталығының асханасында тәтті тоқаштан өлі тышқан табылған. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы