Сержанттар күні атап өтілді

Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Сержанттар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіби мерекеге орайластырылған үздік кіші командирлерді марапаттау шарасына Қорғаныс министрлігінің өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен мерзімді қызметтің жауынгерлері қатысты.

Кездесуде сержанттардың тәжірибесіне, психологиялық төзімділігіне, ұрысты ұйымдастыру мен басқару қабілетіне әскери бөлімшенің жауынгерлік тапсырманы орындауы ғана емес, бағыныштылардың өмірі де жүктелгені атап өтілді.

Әрбір жауынгер үшін үлгі тұтар тұлға болуы тиіс. Біздің сержанттар құрамы әскери қызметшілердің бірнеше буынын тәрбиелеу мен оқытуға айтарлықтай үлес қосты, – деп атап өтті Қарулы күштердің Бас сержанты – Бас штаб Сержанттар құрамымен жұмыс басқармасының бастығы штаб-сержант Темірбек Халықов. 

Сондай ардагер сержанттардың бірі – штаб-сержант Мұрат Ағадаев. 1996 жылы кәсіптік учлищені бітірген ол мерзімді қызметке шақырылды. 2004 жылы Сарыөзек гарнизонында келісімшарт бойынша әскери қызметін жалғастырды. Онда мотоатқыштар ротасының пулеметшісінен батальон сержантына дейінгі жолдан өтті. 10810, 68665, 83205 әскери бөлімдерінің сержанты және Қарулы күштер Қару-жарақ бастығы басқармасының сержанты қызметтерін абйыроймен атқарды. Запасқа шығар алдында штаб-сержант Мұрат Ағадаев алғыс хатпен марапатталды.

Қызметте ерекше көзге түскен бірқатар сержанттар «Ел қорғаны» ведомстволық медалімен, «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің үздігі» төсбелгісімен, грамоталармен марапатталып, жекелеген әскери қызметшілерге мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігі
Өзгелердің жаңалығы