Сержанттар корпусы үшін 34 мыңнан астам маман даярланды
Нұр-Сүлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі Қарулы Күштер сержанттық корпусының жалпы рейтингі бойынша Құрлық әскерлерінің сержанттары алда келеді. Әрі қарай Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің сержанттары. Әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтар арасындағы үздік үштікке "Оңтүстік" және "Батыс" өңірлік қолбасшылықтарының, сондай-ақ десанттық-шабуылшы әскерлерінің сержанттары кіреді.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсан айынан ағымдағы жылдың сәуіріне дейінгі қысқы оқу кезеңінде бөлім командирлерінің даярлығы өткен. Шара барысында бөлімді басқару мен ұрыста оқ атуға ерекше назар аударылды. Кадет корпусының базасында рота сержанттары біліктілікті арттыру курстарынан өтті, ал кадеттер Құрлық әскерлерінде әскери тағылымдамадан өтті. Олар болашақ сержанттар ретінде бөлімді басқару, жауынгерлік оқ ату мен жауынгерлік техниканы жүргізуде мол тәжірибе жинақтады.
Сонымен бірге, енгізілген шектеулер мен сержанттар құрамының едәуір бөлігін төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету үшін жұмылдырылғанына байланысты сержанттарды даярлаудың жекелеген іс-шаралары неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылды. Олардың ішінде әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаушыларды даярлау курсы, роталар, батальон сержанттарының курсы, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштерінің авиациялық техникаларының рота, взвод, батальон командирлік сержанттарын даярлау.
Жазғы кезеңде сержант корпусының алдында кадрларды даярлау қызметі мен жүйесін жетілдіру, сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде сержанттардың кәсібилігін арттыру, жеке құрамның атыс және дене шынықтыру даярлығы бойынша дағдыларын жақсарту бойынша маңызды міндеттер тұр. Армия халықаралық ойындары шеңберіндегі "Әлем жауынгері" халықаралық байқауына, Қарулы Күштердегі үздік сержант атағына Бүкілармиялық конкурсқа, сержанттар кеңесінің отырысына қатысу күтілуде.