Сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға жол берілмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сатуға жол берілмейді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Мереке қарсаңында Ішкі істер министрлігі тұрғындарға өз мүліктеріне мұқият болуға, карантиндік іс-шаралар мен денсаулық сақтау ұйымдарының ұсыныстарын ұстануға кеңес береді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді сату және оны адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға жол бермеу бойынша тексерулер жүргізіледі,- деді Нұрділдә Ораз.
Оның айтуынша, полицейлер пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Ресми өкіл сонымен қатар өткен апта ішінде 3031 қылмыс тіркеліп, тәулік ішінде оның 1977-сінің беті ашылғанын жеткізді.
Полицейлер кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыстың, сондай-ақ адам өліміне алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудегі 6 қылмыстың ізін суытпай ашты. Сонымен қатар қарақшылық бойынша екі және тонауға қатысты 29 қылмысқа, бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты 463 қылмысқа қатысты күдіктелерді тез арада анықтауға мүмкін болды,- дейді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болмақ?
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы