Сертификатталмаған өнім толық бақыланады - Бақыт Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Техникалық реттеу туралы» заңын таныстырды.
Сертификаттау - жемқорлық туындадатын саланың бірі екенін Мемлекет басшысы өз жолдауында айтып кетті. Техникалық реттеудің бірнеше күрделі проблемасы бар. Оның ішінде атап өтсек, нарықты қорғау жүйесінің функционалдық тиімсіздігі. Екіншіден, отандық өндірушілердің өздерінің бәсекелестік ортада артықшылығы үшін техникалық реттеуді толық қолданбауы. Үшіншіден, өнім бойынша ақпарат алмасу, өзара іс-қимыл бойынша қолмен басқару жүйесіндегі қағазбен сертификаттау,- дейді Бақыт Сұлтанов.
Оның айтуынша, аталған кемшіліктерді жою үшін Үкімет «Техникалық реттеу туралы» заңының жаңа редакциясын әзірлеген.
Біріншіден, ішкі нарықты «тазарту» ескерілген. Бұл мәселедегі заңнамалық жаңалығы – субъектілердің бақылауынан объектілердің бақылауына көшу. Яғни өндіруші немесе сатушы емес, өнімнің өзі тексерілетін болады. Ол үшін зертханаларда сынақ жүргізу үшін адам өміріне қауіпті өнім үлгілерін сатып алу рәсімдері енгізіледі. Сынақ нәтижелерімен дәлелденген қауіпті өнімді ңарықтың айналымынан жедел түрде шығарып алу мақсатында нарықты қадағалау институты енгізілуде,- деді министр.
Ол бұл жаппай бақылауды білдірмейді, объектілер ақпараттық базада «онлайн» режимде қадағаланатын болады, ал тексерулер тек «анықтау - сынау – нарықтан алу» схемасы бойынша жүзеге асырылады деп отыр.
Екіншіден, сәйкестікті бағалау рәсімдерін жетілдіру, сертификаттау және аккредиттеу процестерін цифрландыру қаралған. Ол үшін электрондық сертификаттарға көшу, кейіннен Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процестерімен интеграциялау қарастырылған. Сәйкестікті бағалауға өндіруші, өндірушінің уәкілетті тұлғасы, импорттаушы, сатушы деген өтініш беруішілердің нақты тізімі бекітіледі. Сертификат «иесінің» және «пайдаланушысының» құқығы туралы мағынасы енгізіледі. Сынақ процесінің фото-бейне тіркеу механизмі көзделеді және сынақ базасының болуына қойылатын талаптар белгіленеді, - деді Сұлтанов.Аталған шараларды қабылдау нәтижесінде сертификаттау кезінде сынақ нәтижелерінің дұрыстығын 100 пайызға дейін жеткізу күтілуде және сертификатталмаған өнімді толық бақылауға алу мүмкіндік беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Республиканың барлық аумағында жауын-шашынды болады
Өзгелердің жаңалығы