Серікжан Исмаилов: Мемлекет басшысының Торғайға сапары көргендіктің белгісі

Бүгін талай текілерді түлеткен Торғай жерінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтой басталды. Аталмыш ұлы тойға мемлекет басшысыда қатыспақ. Осы орайда  Президент Қ. Тоқаевтың Торғайға сапарын жергілікті тұрғындар тарапынан қолдау тауып отыр деп хабарлайды BAQ. KZ-тің Қостанайдғы тілшісі.

Небір тектілерді түлеткен Тобыл Торғай даласына осы күндері бүкіл еліміз көз тігіп отыр. Себебі, тектілердің мекені саналған Торғай даласының төсінде алдағы үш күн бойы дүбірлі той өтпек. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойының шымылдығы ресіми түрде бүгін түрліп, мән-мағанасы зор кешенді рухани шаралар бастылып кетті.

Осы орайда алдағы 5 қыркүйек күні мерейтойдың шарықтау сәтіне мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы қатыспақ. Бүл тәуелсіз еліміздің тарихында тектілердің кіндік қаны тамғанан қасиетті өлкеге алғаш рет атбасын бұрып, ұлы тұлға рухына тағызым еткелі тұрған алғашқы  Президент екенін айта кеткен жөн.

Осынау сәтті байдаланып А.Байтұрынұлы атындағы ҚӨУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Исмаилов Серікжан Сағындықұлының пікірін білген едік.

5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қостанай жеріне ресіми іссапармен келмек. Айта кету керек, мемлекет басшысының бұл сапары кейбіреулер үшін жыл сайынғы кезекті бір шара деп қарауыда мүмкін. Дегенмен биылғы жылы сапардың маңызы ерекше. 

Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлы жерлесіміз, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерекелік шараларға қатысады. Президент осылайша азаматтық текетірестің қиын-қыстау кезеңінде серіктерімен бірге Қазақ автономиясының құрылуының бастауында тұрған А.Байтұрсынұлы сынды тұлғаға құрмет көрсетіп отырғанын айта кеткен жөн.

 Менің ойымша, Қ.Тоқаев астықты өңірдің диқандары үшін ең шешуші кезең күзгі егін орағы науқаны жүріп жатқан сәтте шаруаларменде жүздесуге уақыт табады деп ойлаймын. Осындай кездесулерде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мемлекет басшысын қолдауын және экономиканың аграрлық секторын дамытудың жаңа бағдарын ала алады.

Мемлекет басшысының мұндай сапарлары халықпен ашық диалогқа септігін тигізіп, сол арқылы «Тыңдаушы мемлекет» қағидатын нақты бекітеді,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікжан Исмаилов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы