Серікзат Дүйсенғазы «Жас өрен» байқауын кеңейтуді ұсынды

Балалар әні мен балалар поэзиясына арналған композиторлар мен ақындар арасындағы «Жас өрен» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар өлеңдері мен әндерінің репертуарын толықтыру. Біз балалар композиторлары мен ақындар шығармаларын балабақшалар мен мектептерге, музыка мекемелеріне тарату арқылы рухани құндылықтарымызды насихаттай аламыз, - деді байқауды ұйымдастырған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның орынбасары Салтанат Тұрсынбекова. 

Оның айтуынша, байқауға ұсынылған 204 шығарманың 133-і поэзия, 71-і ән жанрында болған. Ал жобаға жалпы 400-ден астам адам қатысқан.

 

Байқаудың әділқазылар алқасында болған Серікзат Дүйсенғазы марапаттау барысында қатысушылардың арасында кәсібилер де, әуесқойлар да болғанын айтып, ұйымдастырушыларға болашақта жобаны кеңейтуге ұсыныс білдірді.   

Келешекте бұл жобаны кеңейтсе дейміз. Бұл жерде қиын болғаны кәсіби ақындар мен кәдімгі ауыл адамдары, мектеп оқушылары, бәрі қатысты. Болашақта кәсібилер және әуесқойлар деп бөлсеңіздер. Әлеуметтік желіде маза жоқ, «неге біз орын алмадық?» деп жазады. Кәсібидің аты – кәсіби, - деді ақын. 

«Жас өрен» Республикалық конкурсының жеңімпаздарды

Гран-при

Дехгани Эльмира Исаханқызы – Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы хор дирижерлеу бөлімінің түлегі. "Тандау" компаниясындағы музыкалық продюсер, композитор (Алматы қаласы) 

«Балаларға арналған ән» номинациясы бойынша

I-орын

Әбдінұров Әліби - Қазақ ұлттық өнер университеті композиция кафедрасының аға оқытушысы. Қазақстан жастар Одағының «Серпер» (2009), ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлықтарының лауреаты. Композитор, дирижер, музыкатанушы (Астана қаласы).

II – орын 

Рыспанбетов Самат Бақытжанұлы – Алматы қаласындағы Чайковский атындағы музыкалық колледжге «Саксофоншы» мамандығы және Т.Жүргенов атындағы  Өнер академиясын бітірген. Сазгерлікпен қатар, кәсіби түрде аранжировка жасаумен айналысады. «Нұр-Мұқасан» тобы құрған Style BR тобында өнер көрсеткен 2013 жылдан бері жеке әнші ретінде жұмыс істеуде (Алматы қаласы).

II – орын 

Бекжан Қайратұлы -  «Бақжұлдыз»  медиа орталығының вокал бөлімінің ұстазы (Жетісу облысы, Талдықорған қаласы).

III – орын 

Есебаев Бауыржан Аралбекұлы – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Қазақ Түрік Мемлекеттік университетінің «Заңгерлік» факультетінің түлегі. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ақын, сазгер, продюсер (Алматы облысы, Жамбыл ауданы).

III – орын 

 

Доспай Нұрислам Марленұлы - Қазақ ұлттық өнер университеті мектебі, 9-сынып. Класс – труба (Астана қаласы).

Дипломант

Каплун Ольга Юрьевна - 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтының музыка-педагогика факультетін бітірген. 1994 жылдан бастап № 9. Ө. А. Жолдасбеков атындағы IT - лицейде  музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды (Шымкент қаласы).

Дипломант

Тани Айсұлу Бақытқызы - 2000 жылы жалпы білім беретін мектептің         9 сыныбын бітіріп, Мұқан Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжінің 1 курсына "Музыка теориясы"мамандығы бойынша оқуға түскен. 2002 жылы колледждің екінші курсынан бастап Қазақ ұлттық музыка Академиясының мамандандырылған мектебінің 10 сыныбына ауысып, Астанаға көшкен. 2002 жылы 12 сыныпты бітіріп, Қазақ ұлттық музыка Академиясының бакалавриатына оқуға түскен (Астана қаласы).

Дипломант

Сақай Құрмет – Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оркестр факультетіне оқуға түсіп оны 1979 жылы «баян» аспабы бойынша бітірген. Халықаралық конкурстың және композиторларға арналған Республикалық конкурстардың  лауреаты. Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі. «Балдәурен» РОСО-ның әнұранының композиторы (Астана қаласы).

«Балалар поэзиясы» номинациясы бойынша

I-орын

Байбұланова Жадыра – «Хабар24» арнасы бағдарламалар бөлімінің аға редакторы (Астана қаласы).

II – орын

Хасанов Серікбол Тілепбергенұлы – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Мұнара» газетінің бас редакторы (Астана қаласы).

II – орын 

Тілеубергенов Достық Жақсыбайұлы – 1984-1987 жылдары Шымкент қаласының Ә. Қастеев атындағы көркемсурет училищесінде оқып, аталмыш оқу орнының жолдамасы бойынша Жезқазған қаласындағы қуыршақ театрында 1995 жылдарға дейін еңбек еткен. Қазақстан  Жазушылар одағының мүшесі (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дүр Оңғар ауылы).

III – орын

Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы – ақын,  жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, сыншы, сатирик, әдебиет пен өнер зертеушісі, аудармашы, балалар ақыны және балалар жазушысы, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. (Ақмола облысы) 

III – орын 

Бердалы Нәзира – Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Абай-ТВ» телеарнасында «Сарасөз» бағдарламасының жүргізушісі (Астана қаласы).

Дипломант

Хонж Алпысбай – С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, сатирик (Павлодар қаласы). 

Дипломант

Ахетов Қуат Адисұлы – Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетінің журналистика факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы).

Дипломант

Намазшамова Сағыныш Сабыржанқызы – Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетінің бакалаврын (1997 ж.), магистратурасын (1999 ж.) бітірген. Шығармашыл жастардың халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы, мемлекеттік стипендия иегері (2015 ж.), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (Талдықорған қаласы)

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы