Серік Сәпиев бала тәрбиесіне байланысты демалысқа кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Серік Сәпиев бала тәрбиесіне байланысты демалысқа кетті.

Серік Сәпиев 12 тамыздан 23 желтоқсанға дейін ресми ата-аналық демалыста болды. Оның орынбасары Серік Жарасбаев комитет төрағасы болады, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Серік Сәпиев Мәдениет және спорт министрлігіндегі Спорт және дене шынықтыру комитетін 2019 жылдың қаңтарынан бастап басқарған. Бұған дейін боксшы ҚР Мәжілісінің депутаты болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы