Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасынан қалай өтіп кеткені белгілі болды

Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа қатысты қосымша қозғалған қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды.

Журналистер спикерден бұл іс бойынша айыптылар қатарында кім бар екенін сұрады.

Ең басты айыпталушы - Күдебаевтың өзі. Берген жауабына сәйкес, ол шекарадан тыс жерден қырғыз мемлекетіне өтіп кеткен. Оны шекараға жеткізген көлік жүргізушісі Күдебаевтың осындай әрекетке баратынынан беймәлім болған. Сол себептен Серік Күдебаев өзі ғана жауапкершіліке тартылып жатыр. Ол шекара пункт корпусынан өтпеген, Кеген ауданында шекарадағы темір торды көтеріп, астынан өтіп кеткен. Бұл оның берген жауабы, - деді Жандос Өмірәлиев Мәжілісте.

Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін экс-басшыға қосымша қылмыстық іс қозғалған.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмәрілиев Серік Күдебаевқа қосымша тағы қанша жыл берілуі мүмкін екенін айтпады.

Бұл туралы айта алмаймын. Бұл соттың құзыретінде, - деп жауап берді Бас прокурор орынбасары.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы