Серік Күдебаев полиция департаменті бастығы қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Президент әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Полиция генерал-майоры Ұрымханов Мұрат Жәлелұлы кадр резервіне алынды.

Полиция департаментінің жаңа бастығын жеке құрамға Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. 


С. М. Күдебаев 1965 жылы туған. Ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол.          

2009-2013 жылдары Алматы облысының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, одан кейін бастығы болып жұмыс істеді. 

2013 жылдың қазан айынан бастап, Алматы қаласының полиция департаментін басқарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы