Алматыда қылмыстық топтың басшысы "Серик-голова" ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 1 ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Серік Жаманаев (қылмыстық лақап аты – "Серик-голова") жетекшілік еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

С. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр, оның ішінде зорлық-зомбылық қолданумен қылмыс жасауға қатысы бар деген күдікпен қылмыс ортасының алты өкілі ұсталып, Алматы қ. ПД УҰИ-ға қамалды – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Олардың тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында автоматты және жартылай автоматты қару, ірі ақшалай қаражат сомасы, сондай-ақ ұсталғандардың бөгде мүлікті иемденуін растайтын заттар алынды.

ҚР ҰҚК-ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды мен Таразда да қылмыстық топ мүшелері ұсталғаны туралы хабарлағанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы