Серік Абас-шах әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы жерге араша түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық тележурналист, продюсер Серік Абас-шах Президенттен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты жерлердің коммерциялық мақсатта қолданылуына тыйым салуын сұрады.
Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қарасты жерлердің коммерциялық мақсатта қолданылуына тыйым салуыңызды сұрай келе, жерді беру жөніндегі 2012 мен 2017 жылдар аралығындағы заңсыз шешімдерді жоққа шығаруыңызды өтінеміз. Өкінішке қарай, Әл-Фараби даңғылының бойындағы бейберет салынған құрылыс нысандарының салдарынан алматылықтардың таза ауада серуендейтін жерлері де азайып келеді. Бұл сонымен қатар Алматы қаласының экологиясына кері әсерін тигізіп жатыр. Әл-Фарабидің есімі берілген ҚазҰУ-ға тиісті жерлерді өз қалпында сақтап, Алматыны серуендеуге ыңғайлы саяжайлар мен скверлердің қаласына айналдыруымыз - Әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына жасаған ең керемет сыйлығымыз болар еді, - деп атап өтті продюсер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19-дың «британиялық» штаммы 41 елден табылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы