"Сергек" камералары жүргізушілердің қайда барғанын бақылап отырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Сергек" камералары жүргізушілердің үйден жұмысқа дейінгі бағыттарын бақылап, егер басқа жаққа кетіп жатса анықтап отырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов айтты.
Полиция қызметкерлері "Сергек" бейне-бақылау камералары арқылы жүргізушілер мен автокөліктердің деректерін және "үй-жұмыс" бағыттарын базаға енгізді. Өз бағдарларын бұзғандар заңға сәйкес жазаға тартылатынын ескертеміз. Сондықтан елорда тұрғындарын карантин режимі кезінде үйден шықпауларын талап етеміз. Егер жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелсе, бірден жазаға тартылады. Маршруттан ауытқығандандардың істерін жеке қарастырамыз, - деді Ержан Сәденов.
Ол сонымен қатар, Карантин режимі басталғаннан бері төтенше жағдай талаптарын бұзғандар туралы айтты.
22 наурыздан бастап, 369 адам әкімшілік жауапкершілік тартылып, 86 адам қамауға алынды.202 адамға айыппұл салынды. 64 адамға ескерту жасалып, оның жетеуі сотта қаралды. Блок бекеттерде ереже бойынша 98 адам жазаға тартылды. Оныңішінде 80 адам қамауға алынып, 14 адамға айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралды. Карантин режимін бұзғаны үшін 116 кәсіпкер жазаға тартылды (5-уі қамалып, 102-сіне айыппұл салынған), - дейді департамент басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ХҚО-ның онлайн қызметін жетілдіре түсудеміз – министр
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы