"Сергек" айыппұлдан бөлек елорданың ауа сапасын анықтайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Сергек" жобасының құрамына Нұр-Сұлтан қаласында ауа сапасын өлшеуге арналған дербес құрылғы - 50 экодатчик кіретінін бірі білсе, бірі біле бермейді.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың телеграм каналында (https://t.me/MBekturova) хабарланды.
Олар өлшейтін негізгі көрсеткіш-ауадағы ұсақ дисперсті бөлшектер саны.
Шаңның, тозаңның, аэрозольдардың, күйенің ұсақ бөлшектері ағзаға өкпеден еніп, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді.
Елордада аталған мәліметтер қала бойынша тарқаған 50 датчиктен жиналады, олар көмірқышқыл газының температурасын, ылғалдылығын және ұстау деңгейін белгілейді. Сондай-ақ, ауаның жай-күйін қадағалауға және ластану көздерін аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.
Датчиктерден көрсеткіштер минутына бірнеше рет түседі.
Датчиктерден мәліметтерді www.opendata.kz сайтынан көруге болады. Жақын арада бұл ақпарат қала тұрғындары үшін Smart Astana қосымшасында қолжетімді болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Косарев ет мәселін көтерді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы