Сергеев және Петропавл су қоймалары тасқын суын қабылдауға дайын – Ибатуллин

СҚО бойынша «Қазсушар» филиалының директоры су тасқыны кезеңіне дайындық туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сергеев және Петропавл су тораптарының жағдайы «қанағаттанарлық» және келесі жылғы су тасқыны кезеңіне дайын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин мәлімдеді.

Филиал су тораптарының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті барлық іс-шараны жүргізуде. Бүгінгі таңда екі нысанда да жағалауды нығайту жұмыстары аяқталды.

Сондай-ақ, биыл Сергеев су электр станциясының сыртқы бетон конструкцияларын гидрооқшаулау, Петропавл су торабының қақпаларындағы тығыздау элементтерін ауыстыру және басқа да жұмыстар жоспарланып отыр.

Биыл су тасқыны кезеңінде Сергеев су қоймасына шамамен 9 млрд текше метр су келіп, 8,8 млрд текше метрден астам су жіберілді. Айта кету керек, нысан салынғаннан бері мұндай көрсеткіш болмаған. Ал, Петропавл су қоймасы арқылы нысанның 360–тан астам көлеміндей су өтті, - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Шұғайып Ибатуллин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: @QR_Su_resurstari_ministrligi
Өзгелердің жаңалығы