Сергеев су қоймасының жағдайы белгілі болды
СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Сергеев су қоймасының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, Сергеев су қоймасының толымдылығы 173% құрайды, осы сағатта су қоймасына аққан су – 382 см.
Бір апта бұрынғы көрсеткішке қарағанда бұл аз. Тарихи максимум 425 см болды, бірақ Петропавл қаласының 3 ауданын су басу қаупі сақталуда, - деді спикер.
Еріген қар сулары аса қауіп төндірмейді, қар жамылғысы - 10% дейін жетеді. Бірақ Есіл өзеніндегі су тасқыны аймаққа қауіп төндіріп тұр.
564 үй су астында қалды. 3421 адам эвакуацияланды, оның ішінде 1054 бала. 44 адам үйлеріне оралды, оның ішінде 8 бала, - деді баспасөз хатшысы.
Жалпы, 4593 адам және 853 бірлік техника, 476 мотопомпа және 110 жүзу құралы жұмылдырылды.
Қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп түйіндеді СҚО ТЖД баспасөз хатшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы