11 Сәуір 2024 2024, 04:18 Фото: скрин

Сергеев су қоймасының толымдылығы төмендеп келеді

Осы сағатта су қоймасына аққан су 410 см құрайды, бұл өткен күндермен салыстырғанда 15 см төмен. Толымдылығы - 179%. Қар жамылғысы да 20% дейін төмендеді. Су сору, арықтарды тазарту, каналдарды кеңейту және тереңдету жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

105 үйдің 78-сы су астында қалды. Қауіпсіз жерлерге 789 адам эвакуацияланып, оның 44-і үйлеріне қайтарылды. 2 мыңнан астам адам, 223 бірлік техника, 138 мотопомпа және 26 жүзу құрылғысы жұмылдырылған. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс істеуде, - СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары подполковник Мұрат Қанғожинов ОКҚ алаңында өткен брифингте.