Сербиялық инвесторлар елорданың құрылыс секторына 80 млрд теңге құяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сербиялық инвесторлар елорданың құрылыс секторына қызығушылық танытты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.   

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Сербия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі В.Матич және Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Құрметті консулы М.Карич тұрғын үй кешенінің құрылысы мәселелерін талқылады.


Алтай Көлгінов қолайлы инвестициялық климат үшін барлық жағдай жасалатынын атап өтті.


"Moody' s Investors Service" халықаралық рейтинг агенттігінің есебіне сәйкес, елорданың несиелік рейтингі жақсы жағына өзгерді. Бағалау кезінде қаланың инвестициялық рейтингі де есепке алынды. 







Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы