Сербияда бір күнде 620 табиғи өрт тіркелді
Сербияда соңғы тәулікте 620 табиғи өрт орын алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар салдарынан алты адам зардап шекті, олардың екеуі – өрт сөндірушілер, төртеуі – жергілікті тұрғындар.
Өртті сөндіруге ІІМ Төтенше жағдайлар секторының барлық қолда бар адам ресурстары, техникасы мен тікұшақтары жұмылдырылған.
Ведомство өрттің жиілеуіне адам факторы себеп екенін атап өтті. Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтап, аса мұқият және жауапкершілікпен әрекет етуге шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 104-ке жетті
Келесі жаңалық
Есірткі саудасы: Қазақстанда 3 мыңнан астам қылмыс анықталды
Өзгелердің жаңалығы