Сербия парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы ұсынысты қабылдамады
Сербия үкіметәнде бұл қарарды қабылдауға 40 депутат қолдау білдірсе, 135 депутат қарсы дауыс берді. Тағы бір депутат қалыс қалды.
Сербияның бір палаталы парламенті – Халық скупщинасының депутаттары премьер-министр Джуро Мацут басқаратын үкіметке сенімсіздік білдіру туралы қарарды көпшілік дауыспен қабылдамай тастады.
Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.
Қарарды қабылдауға 40 депутат қолдау білдірсе, 135 депутат қарсы дауыс берді. Тағы бір депутат қалыс қалды.
Осылайша, Сербия үкіметі парламенттің сеніміне ие болып, өз жұмысын жалғастыра береді.
Айта кетейік, Халық скупщинасы – Сербияның заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын бір палаталы парламент.
Еске салайық, биыл мамыр айында Сербия астанасы Белградта студенттердің жаппай наразылық акциялары өтіп, олардың соңы тәртіпсіздіктерге ұласқан болатын. Наразылық білдірушілер елдегі саяси және әлеуметтік мәселелерге байланысты биліктен өзгерістер талап еткен еді.