Сенсация: Ризабек Айтмұхан олимпиада чемпионын жеңіп, финалға шықты
Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда ол Бахрейн атынан өнер көрсететін 2024 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен айқын жеңді.
Алтын медаль үшін Ризабек ирандық балуан, әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2024 жылғы Олимпиаданың қола медаль иегері Амир Али Азарпирамен кездеседі.
Еске салайық, Ризабек Айтмұхан – 2023 жылдың әлем чемпионы және Азия чемпионаттарының үш дүркін күміс жүлдегері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы