Сенсация. Қазақстан футболдан Дания құрамасын жеңді

Футболдан ЕУРО 2024 іріктеу матчы аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Дания құрамасын жеңді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық құрама матч басында 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Бірінші таймда құрама ойыны жүрмей, даниялық шабуылшысы Хейлуннан екі гол жіберді. Дегенмен, Адиев шәкірттері матч соңында мінез көрсетіп 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ұлттық құрама сапынан гол соққандар: Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ua-football.com
Өзгелердің жаңалығы