Сенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет мамандары 8 қазан, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еліміздің солтүстік өңірлерінің ауа райына әлі де циклон әсер етеді. Осыған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды.
Түнде еліміздің солтүстік-батысында жаңбыр немесе қар жаууы мүмкін.
Еліміздің шығыс жартысы әлі де антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Кезекті антициклонның жылжуымен батыс өңірлерде де жауын жоқ, күн ашық.
Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнде солтүстікте, батыста тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елена Рыбакина Чехиядағы ірі жарыстың жартылай финалына шықты
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы