Сенбіде Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның барлық ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болмайды, тек Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы