Сенбіде Алматыда ауа сапасы нашарлайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 қазанда Алматы қаласында ғана ауа ластанады деп болжануда, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның өзге шаһарларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
19 қазанға арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы