Сенбі күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердң болжамы бойынша, республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар аумағында жауын-шашын болады. Шығысқа қарай бет алған антициклон ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді. Республикамыздың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы 18 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы