Сенбі, 23 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мамырдың 23-і күні Қазақстанның батыс бөлігінде жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал елдің шығыс бөлігінде жоғары қысымның әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республикада жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік батыста шаңды дауыл көтеріліп, солтүстікте тұман түседі.Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Түркістан, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Жамбыл облысында күндіз желдің екпіні секундына 23 метр болады. Қызылорда, Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таң ата кей жерлерге тұман түседі.
Күндіз Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Армениядан әкелінген көліктерді тіркейтін шұғыл желі құрылды
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы