Сенбі, 21 мамырға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 21 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Сенбі күні ҚР басым бөлігінде жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Республиканың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Елдің солтүстік-шығысы мен орталығына әлі де антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Күндіз Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай, дауыл күтіледі, таңертең және күндіз солтүстікте, облыстың батысында – шаңды дауыл, солтүстікте, батыста, таулы және тау бөктері аудандарында жел 15-20, күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерінде найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, батысында, оңтүстігінде, шығысында 18-23, найзағай кезінде екпіні 29 м/с жетеді.
Қызылорда, Қарағанды облыстарында найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, түнде облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыс орталығында екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады.
Ақмола облысының батыс жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл, желдің күшеюі түнде солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, солтүстігінде, батысында 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, түнде найзағай 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі, түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі, түнде оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел күшейеді.
Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы және тау бөктері аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында өрт қаупі күшейеді.