Сенбі, 19 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың қиыр батысында циклон шұңқыры жаңбыр мен көктайғақ құбылыстары бар қар түрінде жауын-шашын болады. 

Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі. 

Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі. 

Түркістан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының батысында тұман болады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы