Сенбі, 13 маусымға арналған ауа райы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Тек республиканың оңтүстігінде, батысында күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, түнде кей жерлерінде, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерде жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық сақталады.
Қызылорда, Атырау облыстарында, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.