Сенбі, 11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәуірдің 11-і күні Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында оңтүстік циклонның ықпалымен жауын жауып, күн күркірейді. Республиканың кейбір өңірлеріне тұман түседі. 

Алматы облысының бірқатар өңірінде түнде және таң ата тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды. 

Түркістан, күндіз Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды, Жамбыл облысында күн күркірейді. 

Қостанай, Қарағанды, түнде және таң ата Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының бірқатар аумағында тұман түседі.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы