Сенат сайлауына қатысатын халықаралық бақылаушыларды тіркеу аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін 12 тамыздағы Сенат депуттарын сайлауға байланысты Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды.
Біріншісі, ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу. Екіншісі, 9 тамыздағы Беларусь Республикасы президентінің сайлауына елімізден жіберілетін байқаушылардың тізімін бекіту.ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев биылғы жылдың 24 шілдесінде Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде халықаралық байқау институты ашылғанын еске салды.
Өз кезегінде Ортсайлауком мүшесі Анастасия Щегорцова Сенат депутаттарының сайлауына халықаралық ұйымнан байқаушыларды аккредиттеу туралы баяндама жасады.
Қазақстан Республикасындағы "Сайлау туралы" конституциялық заңның 20-2-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады. 2020 жылғы 6 тамызда сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен 5 байқаушы аккредиттеуге шығарылды. Осы орайда Әзербайжан елшілігінің 2 өкілі және Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия елшіліктерінен бір өкілден бар, - деді Анастасия Щегорцова.Айта кетейік, сайлау заңнамасына сәйкес, 6 тамызда сағат 18:00-де халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда қанша адам үй кезегінде тұр?
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы