Сенаттың жаңа сайланған депутаттары тіркеліп, куәлік алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың 2020 жылғы 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттары тіркеліп, куәліктерін алды.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтып өткендей, Сенат депутаттарын сайлау науқанының қорытынды отырысы тәуелсіз Қазақстан Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында өтіп отырғаны айрықша маңызға ие.
Күн тәртібіндегі мәселе - 12 тамызда сайланған Парламент Сенатының депутаттарын тіркеу. Күн тәртібінің жобасы барлығында бар, дауыс берулеріңізді сұраймын. Күн тәртібі қабылданды, - деді ол.ОСК мүшесі Серік Садықов атап өткендей, 13 тамызда ОСК 2020 жылғы 12 тамызда өткен Сенат депуттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы қаулы қабылдаған болатын.
Орталық сайлау комиссиясы Парламент Сенатының депуттатарын сайлауы өтті деп танып, сайланған депутаттарды белгіледі. Орталық сайлау комиссиясы сайланған Парламент депутаттарын еліміздің Конституциясы мен заңдарына сәйкес, Парламент депутаты мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерін тоқтату туралы өтініштерін алғаннан кейін жүргізеді. БАҚ-та Парламент депуттары сайлауының қорытындылары жарияланғаннан кейін ОСК әрбір депутатқа өзі белгіленген деңгейдегі куәлік және омырауға тағатын белгі тапсырады, - деді ол.
Отырыста қаулы қабылданып, Орталық сайлау комиссиясы тіркеуді өткізіп, Парламент Сенатының депутатары өкілеттіктерін бастады.
ОСК төрағасы Берік Имашев тіркелген Сенат депуттаттырна тіркелуді растайтын куәлік пен төс белгісін тапсырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қара бүркіт» түрмесінің басшысы қамауға алынды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы