Сенаттағы сарапшылар басқосуында Азияның болашағы сөз болды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата жанындағы Сарапшылар клубының Qalam медиажобасымен бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Басқосуға Сингапурдың белгілі дипломаты, профессор Кишор Махбубани арнайы қонақ ретінде қатысты.

Жиында сарапшылар шағын және орта мемлекеттердің болашағы мен қазіргі халықаралық тәртіптің даму бағыттарын талқылады.

Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, орта державалардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі артып келеді. Олар жаһандық бейбітшілік, орнықты даму және қауіпсіздік жолында маңызды ықпалға ие.

Бүгінгі кездесу геосаяси шиеленістер мен жаһандық сенім дағдарысы тереңдеп жатқан кезеңде өтіп отыр. Мұндай жағдайда Кишор Махбубанидің "Азия дәуірі" туралы пікірі ерекше назар аударады. Бүгінде Азия әлемдік экономика мен саясаттың негізгі қозғаушы күшіне айналып келеді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев орта державалардың рөлін одан әрі арттырудың маңызына назар аударып, бұл қазіргі таңдағы нақты қажеттілік екенін атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан теңгерімді диалог пен араағайындық идеяларын халықаралық деңгейде дәріптей отырып, әлемдік істерде сындарлы рөл атқаруға ұмтылады, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы