Сенатта Жоғарғы Сот судьясы сайланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Нұрсерік Шәріпов Жоғарғы Сот судьясы қызметіне сайланды.
Конститутциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Президенттің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Жоғарғы Соттың судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынысын қарағанын жеткізді.
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Нұрсерік Кәрімұлы Шәріповті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы Сенатқа Конституцияның 55-бабының 1) тармақшасына, 82-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес енгізілді, - деді ол.
Нұрсерік Кәрімұлы Шәріпов, 1965 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар.
1990 – 1992 жылдар аралығында – Қазақ мемлекеттік университеті әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті.
1992 жылы – Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты азаматтық және рақымшылық жасау жөніндегі бөлімінің аға референті.
1995 жылы Алматы қаласы Фрунзе аудандық халық сотының судьясы, 1996 жылы Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.
2007 жылы – Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.
2008 – 2010 жылдар аралығында – Маңғыстау облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы.
2010 жылы – Маңғыстау облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрағасы.
2012 жылы – Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы.
2017 жылы – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облыстық сотының төрағасы.