Сенатта рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралды

Сенатор Владимир Волковтың төрағалық етуімен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда сенаторлар «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасын қарады.

Заң жобасының негізгі мақсаты – 2022 жылғы 4 - 7 қаңтар аралығындағы тәртіпсіздік жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға қатысты қылмыстық-құқықтық сипаттағы біржолғы адамгершілік шарасы болып табылады.

Заң жобасы қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған, тәртіпсіздіктерге қатысқан адамдарға қатысты қылмыстық істердің тоқтатылуын, осындай әрекеттері үшін сотталғандарды жазадан босатуды, сондай-ақ осындай құқықтық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеп шыққан тұлғалардан соттылықты алып тастауды көздейді. 

Заң жобасы бойынша ауыр қылмыс жасаған адамдарға соттар тағайындайтын жазалар төрттен үш бөлікке, әсіресе ауыр қылмыс жасағаны  үшін екі есеге қысқартылады.

Террорлық, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, мемлекетке опасыздық жасау, жәбір көрсету, қылмысты қайталау немесе қылмысты қауіпті түрде қайталаған, жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырған, кәмелетке толмағандардың жыныстық сипаттағы тиіспеуге қарсы қылмыс жасаған  адамдар рақымшылық жасауға жатпайды.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы