Сенатта мүгедек адамдардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы заң талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға және инклюзивтілік қағидатын іске асыруға бағытталған. Тараптар факультативтік хаттаманы ратификациялаған кезде БҰҰ жанындағы Мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитеттің Конвенция бойынша олардың құқықтары бұзылды деп мәлімдеген адамдардың шағымдарын қарау құзыретін тануға келіседі. Мүгедек адамдардың құқықтары жөніндегі комитет шағымды қарау қорытындысы жөніндегі нәтижелерді, түсініктемелер мен ұсынымдарды тиісті қатысушы мемлекетке жіберетін болады.

Сенаторлардың айтуынша, Қазақстан Республикасының Факультативтік хаттамаға қосылуы мүгедек адамдарға экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық қорғауға құқық береді.

Сенат комитетінің мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы