Сенатта халықаралық шарттар туралы заң жобасы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның жобасын қабылдады.
Премьер-министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді отырыста заң жобасы бойынша баяндама жасады.
Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның жобасы енгізіліп отыр, - деді ол.
Заң жобасы Конституцияның 4-бабының 3-тармағына 2017 жылы енгізілген өзгерістерді жүзеге асыруға байланысты әзірленді.
Заң жобасы бейінді заңға бірнеше норманың енгізілуін қамтамасыз етеді. Біріншіден, ратификацияланған халықаралық шарттардың Республика заңдарының алдындағы басымдығы және олардың тікелей қолданылуы, халықаралық шарттар мәртебесінің өзгеруі туралы жұртшылықты хабардар ету. Сонымен қатар шарттарды тоқтату тәсілін кеңейтіп, заңдағы олқылықтарды жоюды қамтамасыз ету, - деп атап өтті СІМ басшысы.
Оның сөзінше, заң жобасымен контрәріптестер өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда шарттардың орындауын тоқтата тұру түріндегі Қазақстан Республикасы жауап шараларды қолдау мүмкіндігін көздейтін нормаларды енгізуі ұсынылады.
Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының алдында алған міндеттемелерін орындамайтын контрәріптестермен өзара қарым-қатынастарда мемлекеттің мүдделерін ескеруді қамтамасыз етеді, - деді Мұхтар Тілеуберді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Өзгелердің жаңалығы