Сенатта ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенаторлар зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесін талқылады.
Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «БЖЗҚ» АҚ және өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, еліміз Президентінің азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқық беру жөніндегі бастамасы жұртшылық тарапынан оң қабылданғанын атап өтті. Бұл реформа жалдамалы қызметкерлердің жалақыларын жарыққа шығаруға түрткі болды, құрылыс және оған байланысты салаларға серпін берді, дегенмен бұл тұрғын үй бағасының өсуіне әсер етті, деп атап өтті сенатор.
Сенаторларды зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алып қою мүмкіндігі мәселесі әрқашан толғандырып келеді, өйткені ол біздің отандастарымыздың елеулі бөлігі үшін аса маңызды. Депутаттар корпусы үшін қызмет барысында отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқаты әрдайым басты орында және болашақта да осы қағидаттарды ұстанатын болады, - деп атап өтті Ольга Перепечина.
Кездесудің негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің ең төменгі шегін ұлғайту ықтималдығына байланысты жағдайды түсіндіру болып отыр. Депутаттар Ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесінің жұмыс қағидаларын түсіндіру мақсатында сарапшыларға сауал қойып отыр. Ол туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары сенаторларға айтып берді, ал «БЖЗҚ» АҚ басшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланудың қордың зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы хабардар етті.