Сенатта 15-ке жуық заң жобасы қаралып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жұмыс кестесі өзгерді.

Енгізілген өзгерістерге қарамастан Палатаның заң шығару қызметі тоқтаған жоқ.

Палата отырысында қаралып жатқан заң жобаларына қатысты баяндама жасау мен сұрақтарға жауап беру үшін бейнеконференция байланысы қолданылады.

Сенат комитеттерінің отырыстары да бейнеконференция байланысы арқылы өтуде. Сенаторлар сонымен қатар күн тәртібі аясындағы сұрақтарды да қашықтан талқылауды жүзеге асыруда. Депутаттардың айтуынша, заң шығару процесінің бәрін цифрландыру оған мүмкіндік беріп отыр. Сенат сайтына барлық заң жобалары орналастырылған, заң жобасына жауапты адамдармен өзара байланысқа барлық мүмкіндік бар.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауында 15-ке жуық заң жобасы бар екенін атап өткен жөн. Олардың қатарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы", "Ардагерлер туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және тағы басқа заң жобалары бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы