Сенатқа Алматы облысынан депутат сайланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 сәуірде Алматы облысы бойынша шығып қалған депутаттың орнына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау өтеді.
Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.
Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып табылатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 11.00-де (елорда уақытымен) басталады, - делінген хабарламада.
Парламент Сенатындағы мандатқа 2 кандидат үміткер болып отыр. Облыс бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 358 депутаты енгізілген.
Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ОСК телеграм-арнасында жарияланады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы